- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығы: Таразда «Көне Тараз» музейі ашылды
Қазақ хандығының 550 жылдығы: Таразда «Көне Тараз» музейі ашылды
Мерекелік іс-шаралар аясында Н. Ә. Назарбаев «Ежелгі Тараз» музейінің, «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткіш-монументтің ресми ашылуына қатысып, «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне барады.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында биыл Тараз қаласының орталығындағы «Тараз қалашығы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне археологиялық зерттеулер, консервациялау жұмыстары жүргізіліп, оның аумағында «Ежелгі Тараз» жаңа музейі бой көтерді.
Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ескерткіш аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстарына «Қазархеология» ЖШС-нің директоры Ж. Смайылов жетекшілік етуде. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарына Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қызметкерлері тартылған. Қазба жұмыстары жүргізілгеннен бері археологтар бірқатар қалалық құрылыс нысандарының орындарын тапты. Сонымен қатар, осы жерден археологтар Қазақстанның ортағасырлық қалаларының ешбірінде табылмаған көлемді алтын, күміс, қола бұйымдары бар құнды қазынаны (әшекейлер) қазып алды.
Сондай-ақ, археологиялық зерттеулер кезінде табылған ортағасырлық қала құрылысы орындары – тұрғын үйлер, көшелер мен кварталдарда «Қазқайтажаңғырту» РМК консервациялық жұмыстар жүргізуде.
Осы аумақта табылған құнды жәдігерлер Елбасының қатысуымен ашылатын жаңадан салынған «Ежелгі Тараз» музейіне қойылуда. Тараз қаласы мен өңірінің 2000 жылдық тарихын көрсететін бұл музейден ежелгі, ортағасырлар (соның ішінде Қазақ хандығы дәуіріне), Әулиеата, Кеңес Одағы және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне жататын құнды жәдігерлерді табуға болады.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласы ерте заманнан қарлұқ, үйсін және өзге түркі тілдес халықтардың маңызды экономикалық және саяси орталығы болған. Бұл қала қазақ халқы мен мемлекеттілігінің қалыптасуы кезеңінде маңызды рөл атқарды.
Археологиялық паркпен бір кешенде орналасқан «Ежелгi Тараз» музейі халықаралық тас жолы бойындағы Тараз қаласының экономикалық және мәдени орталық ретінде дамуына негіз болады. Бұл өз кезегінде қалада туристік саланың дамуына, ежелгі Тараз қаласының мәдени мұра нысандарын маңызды туристік бағыттарға қосуға септігін тигізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты