- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді қарастыратын заң жобалары қаралды
Мемлекеттік аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді қарастыратын заң жобалары қаралды
Заң жобасы Мемлекет басшысының бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын орындау аясында әзірленген болатын. Ұлт жоспарының «Аудиттің жаңа жүйесін енгізу және мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалау» жөніндегі 93-ші қадамына сәйкес аудит жүйесін жаңғырту «Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялар үлгісімен жұмыс істейтін болады және ағымдағы операциялық бақылаудан шығарылуын» көздейді.
Қабылданатын заңның ережелері аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді қарастырады. Құжат Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілеттігін кеңейтеді. Атап айтқанда, Есеп комитеті республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау, жинақталған қаржылық есеп берудің (республика деңгейінде) жыл сайынғы аудитін іске асыру, мемлекеттік қарызды қалыптастыру және басқару, еліміздің Ұлттық Банкінің аудиті секілді жаңа міндеттерге ие болады. Есеп комитетіне сондай-ақ қаржы-экономика саласындағы ұлттық қауіпсіздікті анықтау, талдау, бағалау және болжау жөніндегі өкілеттіктер де беріледі.
Жоба мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы Үкіметтің құзыретін белгілейді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай деректер базасын құру көзделіп отыр, ол уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын жақсартады және тексерулерді азайтады. Кейіннен аттестациялаудан өтетін мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу қарастырылуда.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекетік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасы мемлекеттік бюджет қаржысын пайдалану барысында әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына әрекет ету саласына өкілеттіктер береді. «Мемлекетік аудит және қаржылық бақылау туралы» жаңа заң әзірленуіне байланысты мемлекеттік қаржы бақылау мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі. Парламентте Есеп комитетінің құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған ережелер белгіленеді. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары