- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Алматы облысында «Лепсі-2» су электр станциясы іске қосылады – әкімдік
2016 жылы Алматы облысында «Лепсі-2» су электр станциясы іске қосылады – әкімдік
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Сарқан ауданында болды. Сапар барысында ауданның қант қызылшасын өсірген шаруа қожалықтарының егістік алқаптарымен және ауданның құрылыс нысандарымен танысты.
Облыс әкімінің келесі тоқталған жері Лепсі өзенінің бойында салынып жатқан «Лепсі-2» су электр станциясы болды.
Құрылыс жүмыстарын жүргізіп жатқан «АСПМК» ЖШС басшылығы облыс әкімін бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды. Бүгінде гидростанцияның бес негізгі нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Платинаның 80%, негізгі станцияның 60% аяқталуға жақын. Сонымен қатар генераторлық турбина қойылып, аралық станция салынуда. Нысанда 130 адам жұмыспен қамтылған. Барлық қажетті материалдар уақытымен жеткізілуде. Нысанды қараша айының соңына дейін салып біту жоспарлануда. Станцияның қуаты 17 мВт.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері