• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Startup Bolashak» байқауына қатысу үшін 2 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді

«Startup Bolashak» байқауына қатысу үшін 2 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді

8 Қазан, 2015 18:32
«Startup Bolashak» байқауына қатысу үшін 2 мыңнан астам жас қазақстандық өтініш берді, деп хабарлады «Даму» қоры.

«Болашақ» қауымдастығы «Даму» қорымен бірлесіп «Бәйтерек» холдингінің қолдауы аясында «Startup «Bolashak» бақауын жариялады. Өтінімдер 2015 жылдың 20 шілде мен 20 қыркүйек (екі күнді қоса алғанда) аралығында қабылданды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 18-ден 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ құрамында 5 адамнан артық емес жоба топтары қатысты.

Жалпы, өтінімдер саны 2 095 жетті, оның ішінде комиссия қарауына 2 080 жіберілді, ал қалған 15 құжаттарының толық болмауына орай қарастырылмады.

Өтініштердің басым бөлігі Астана (400 өтініш), Алматы қалаларынан (227), Павлодар (155), Батыс Қазақстан (134), Оңтүстік Қазақстан облыстарынан (134) келіп түсті.

Бизнес-идеялардың басым бөлігі қайта өңдеу өндірісімен байланысты болды - 647 өтініш, ақпараттық технологиялар - 263, білім беру  - 171 және басқалар.

Естеріңізге сала кетейік, Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» қауымдастығының 3 грантын қарастырады. Бірінші орынға  7 млн.теңге, 2 орынға  5 млн.теңге және 3 орынға  3 млн.теңге. Сонымен қатар "BI Group" холдингінің 10 млн.теңге гранттары. Бұған қоса аса бір қызық идеялардың авторлары «Даму» Қорының құралдарын пайдаланып төмен пайызбен несие алып «Бәйтерек» холдингінің қолдауы мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын ала алады.

Байқау комиссиясының құрамына атақты бизнесмендер, тәуелсіз сарапшылар, қаржы институттарының өкілдері енді.

Байқау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 23 бизнес идея іріктелініп алды, олардың авторлары 12-15 қазан аралығында Астанада семинар-тренингтен өтеді.

Еске сала кетейік, семинар-тренинг аяқталғаннан кейін олар байқау комиссия мүшелерінің алдында өздерінің стартап-жобаларын таныстырады және қорғайды. Құзыретті комиссия Бизнес-жоспарлар марафонына қатысу үшін 10 лауреатты іріктеп алады.

Барлық жаңалықтар