- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің ашылуына қатысты
Елбасы Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің ашылуына қатысты
«Құрметті отандастар! Қымбатты жамбылдықтар! Баршаңызды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтаймын! Елордамыз Астанадан басталып 2000 жылдық тарихы бар Таразда жалғасып жатқан бұл мереке біздің халқымыз үшін өте керек. Біз кезінде өз тарихымыздан ажырап қалған халықпыз. Біздің тарихымыз тереңнен екенін жастарға көрсетпесек, «Мәңгілік ел» идеясы орындалмайды. Сондықтан көне тарихымызды жер-жерден іздестіруіміз керек. Жазып, жинап, насихаттауымыз қажет. Біз кеше ғана бола қалған халық емеспіз. Керей мен Жәнібек ту көтергенде, тарихта «Қазақ хандығы» құрылды. Әсіресе, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыз біздің тарихымыз терең екенін білуі керек. Соңғы кезде экономикалық қиындықтықтарға қарамастан осындай ескерткіш қойып отырмыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы бүкіл халықтың мерекесі. Осы мерейтойға байланысты Тараз қаласының іші-сырты абаттандырылды. Бұған барлық қазақстандықтар атсалысты. Оларға алғыс айтуымыз керек. Осының бәрі біздің ұрпақтың ата-бабалардың аманатына, ұлы далаға деген тағзымымызың көрінісі. Осы тойға келген барлық ағайынға рақметімізді айтамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы қазақтың тарих қойнауынан өсіп келе жатқан ел екенін көрсетеді», – дейді Елбасы.
Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің биіктігі 30 метр. Монумент қаланың батыс бөлігіндегі «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы орналасқан.
Монументтің ашылуына зиялы қауым өкілдері де қатысты. Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Мекемтас Мырзахметұлы, Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Шөмішбай Сариев, т.б елге белгілі азаматтар бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды