- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысы мен Италияның тауар айналымы 2014 жылы 37,1 млн теңгені құрады-әкімдік
Павлодар облысы мен Италияның тауар айналымы 2014 жылы 37,1 млн теңгені құрады-әкімдік
«Біз Еуропаның көшбасшы елдерімен ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісін белсенді түрде қолдаймыз. Италия тарапымен өзара ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талқылауға әзірміз. Инвесторлар облысымыздың интеграциялық әлеуетіне оң баға беріп отыр. Соңғы үш жылда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі үштен бірге арттты және өткен жылы шамамен 2,0 млрд. долларды құрады, оның ішінде шетелдік инвестициялар - 470,0 млн. доллар немесе инвестицияның жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі»,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Қанат Бозымбаев сондай-ақ облыста инвесторлар үшін тиімді жағдай жасалғанын атап айтты. Мысалға, қазір арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымы құрылысының 1-кезегі аяқталуға жақын. Экономикалық аймақтың негізгі бағыттары – химия және мұнай-химия салаларын дамыту. Болашақта арнайы экономикалық аймақ аумағында жоғары шекті металлургиялық өнім өндірілуі мүмкін. Республика Парламентінде тиісті заң жобасы қаралу үстінде.
Алюминийден жасалған дайын бұйымдар, теміржол машина жасау өнімі, өндірістік және тұрмыстық пайдалануға арналған химиялық өнім жаңа аймақтық, оның ішінде экспорттық брендке айналулары әбден мүмкін.
Аймағымыз сондай-ақ табиғи қорларға аса бай. Мысалға, облыс аумағындағы ащы-тұзды су қоймаларында «артемия салина» атты бірегей биологиялық микроағзалар көптеп тіршілік етеді. Бұл биоқор бойындағы көп мөлшердегі ақуыздың арқасында пайдалы қасиетке ие. Ол балық аулауда, құстар мен үй жануарларына жем-шөп әзірлеуде, медицинада, биопрепараттар жасауда кеңінен қолданылады. Оны өңдеу ісі инвесторлар үшін тартымды ұсыныс және Павлодар аймағының экспорттық бағыттарының бірі болуы мүмкін.
Италия елшісі Стефано Раваньян өз кезегінде Павлодар облысында италиялық компаниялардың бірлескен жобаларын дамытуға ниет білдіріп, болашақ жоспарлармен және әлеуетті жобалар жөніндегі барлық ақпаратпен бөлісуге шақырды. Елші сондай-ақ әкімнен өз өнімін шетелге жіберуге мүдделі облыстың экспортқа бағытталған нысандарының нақты тізбесін беруді өтінді.
Еуропа елдері бойынша Италия облысымыздың басты сауда серіктесі болып табылады. Павлодар облысының 2014 жылы Италиямен жасасқан сауда көлемі 37,1 млн. долларды құрады. Сауданың экспорт жағы басымырақ болды (29,5 млн. доллар). Павлодар облысынан Италияға мазут жөнелтіледі, ал Италия өз кезегінде облысымызға құрал-жабдық, бейнеаппаратура жеткізеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады