- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда монополияға қарсы органдар халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді
Қазақстанда монополияға қарсы органдар халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді
Отырысқа заң жобалары жайында баяндама жасаған министрлермен қатар, тиісті ведомстволардың жауапты мамандары мен өкілдері де қатысты.
Ең алдымен Әділет министрі Берік Имашев Мәжіліс мақұлдаған «Кәсіпкерлік кодекс» пен «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады.
Кодекс жобасы 7 бөлім, 31 тарау, 324 баптан тұратындығын атап өткен Берік Мәжитұлы, құжаттың еліміздегі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саласын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіруге және мемлекет кәсіпкерлік субъектінің арасындағы өзара іс-қимылдың мақсаттарын айқындауға бағытталғандығына тоқталды.
«Атап айтқанда, заң жобасында шағын кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауылшаруашылыққа жатпайтын түрлерін, инвестициялық қызметтегі, отандық тауар өндірушілер жүзеге асыратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітілген», - деді министр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасында Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жобасын жүзеге асыру мақсатында түзетулердің үш блогы көзделеді екен. Оның біріншісі монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған болса, екіншісі кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайтуды көздейді. Ал түзетулердің үшінші блогы мониторинг бағалау және бақылаудың стандартталған немесе ең төменгі рәсімдері шеңберінде нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшуге, статистика жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіруге бағытталған.
Аталған заң жобасы жөнінде Парламент Сенатындағы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов қосымша баяндама жасады. Сенат Регламентінің 58 тармағына сәйкес ҚР Парламент Сенаты аталған «Кәсіпкерлік кодексі» жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді