- Басты
- Жаңалықтар
- Румынияда «Қазақстан – мемлекеттіліктің 550-жылдығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Румынияда «Қазақстан – мемлекеттіліктің 550-жылдығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Аталған іс-шарада орталық мекемелер және жергілікті әкімшілік, академиялық және ғылыми топтар өкілдері, сондай-ақ университет студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев конференция қатысушыларын Қазақстан тарихы мен мәдениетімен, Орта ғасырдағы бірінші мемлекеттік құрылымдардан бастап, 1465 жылда Қазақ хандығының қалыптасуына дейінгі Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тәуелсіздік үшін ғасырлық күресі жөнінде таныстырды.
Ол сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы, Қазақстанның белгілі халықаралық бастамаларымен және ұлтаралық келісімнің бірегей моделімен таныстырды.
Қазақстандық дипломат мемлекеттіліктің барлық атрибуттары, сондай-ақ саяси және әкімшілік құрылымы, қаржылық реформалар, заңдар, хандар заңдары, ежелгі кезден Түркі-монғол империясына, кейін Алтын Ордаға, содан кейін Қазақ хандығына көшкендігін атап өтіп , Президент Н. Назарбаевтың Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынғандығы жөнінде аудиторияны хабардар етті.
Румынияның Халықаралық қатынастар және экономикалық ынтымақтастық институтының директоры, профессор Антон Караджа, өз кезегінде, қатысушылардың алдында Қазақстан халқын маңызды тарихи күнімен құттықтады және үш ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының экономикалық құрамдас бөлігі мен Орталық Азия өңіріндегі саяси тұрақтылықты сақтауындағы Қазақ хандығының рөлін атап өтті. Абылай хан және Керей мен Жәнібек хандары сияқты танымал тарихи тұлғаларға ерекше назар бөлінді.
Ол «Қазақстан бүгін? өз халқының игілігі үшін демократиялық құндылықтар жүйесін және экономикалық тетіктерін қадаған үлгісі болып табылады: «Бұл ұлы тарихы бар, әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастықты дамытып, өзінің жарқын болашағын тұрғызып жатқан ел болып табылады,» – деп айтты.
Конференция – аяқталған кейін Елші Д. Батырашев Валахия Университетінің ректоры Калин Орошпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тырговиште – Дымбовица уезінің әкімшілік орталығы – Румынияның оңтүстігінде орналасқан қала, Бухаресттен солтүстік-батысында 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Бірінші рет 1396 жылы воеводалық орталығы ретінде аталынады. 1430 – 1660 жылдары – Валахияның астанасы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті