Гессен Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

8 Қазан, 2015 15:49
Гессен Федералдық жері үкіметінің шақыруымен ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов Гессеннің федерация және еуропалық істер жөніндегі министрі Люсия Путрихпен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ.

Тараптар Қазақстан мен Гессен арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және аймақ аралық ынтымақтастық меселелері талқыланды. Қазақстандық дипломат неміс тарапын «100 нақты қадам» Ұлтжоспары, «Нұрлы жол – Болашаққа жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің және Қазақстанның Әлем Сауда Ұйымына кіру шеңберінде инвестициялық мүкіндіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде неміс тарапы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, Қазақстан-герман шикізат, индустрия және технологиялар саласындағы серіктестіктің шеңберінде экономикалық жобаларды жүзеге асыруға және бірлесіп шаралар өткізуге қызығушылық танытты. Мәдени және білім саласындағы ынтымақтастық, сондай ақ Қазақстан және Гессен жері қалаларының арасындағы туыстас байланыстар орнатуға зор ықылас қойылған.

Биылғы жылы Гессен Федералдық жері Парламенттің жоғарғы палатасы – Бундесраттың төрағасы. Аталған аймақ Еуропадағы маңызды экономикалық орталығы және екпінді дамып жатқан өңірлерінің бірі болып табылады.

Франкфурт-на-Майне Гессен жерінің ең ірі қаласы – Еуропаның маңызды қаржы және жәрмеңке орталығы, 1999 жылдан бастап қалада Германфедералдық банкіне ауысымға келген Еуропалық орталық банк, сондай-ақ 400-ден астам коммерциялық банктер және ірі герман қор биржасы орналасқан.

Гессенде машина жасау, химиялық және электрон өнеркәсіп және т.б. салалары дамыған. Гессен аумағында әлемге белгілі «Опель», «Фольксваген», «Тиссен-Хеншель» және т.б. ірі неміс компаниялары орналасқан.

Барлық жаңалықтар