• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов ХЭБ-мен екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті

Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов ХЭБ-мен екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті

8 Қазан, 2015 13:15
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (Халықаралық эпизоотикалық бюро) Бас директоры Бернард Валламен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

ХЭБ Бас директоры Үкімет басшысына Ұйымның ағымдағы жұмысы мен Қазақстанмен ынтымақтастықтың перспективалары жайлы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Кәрім Мәсімов Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне байланысты біздің елімізде ХЭБ-ның қамқорлығымен жасалған жануарлардың денсаулығын қамтамасыыз ету мәселелеріндегі халықаралық стандарттарды, ұйғарымдар мен ұсыныстарды қолдану өзекті екенін айтып өтіп, екі жақты өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға берді.

 

Барлық жаңалықтар