«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2015 жылы 500 млрд теңге көлемінде табыс күтіп отыр

8 Қазан, 2015 13:04
«ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ 2015 жылы 500 млрд теңге көлемінде табыс күтіп отыр. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ басқарма төрағасының корпоративті даму бойынша орынбасары Данияр Берлібаев сарапшылар кеңесінде хабарлады.

«Біз  HR-ға іріктеуден бастап жалақы төлеуге дейінші ашық процедураларды енгізе алдық.  Сыртқы конъектураның төмендеуіне қарамастан  «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ да жыл соңына қарай табыс күтіп отыр. Біріншіден біз операциялық шығындарды төмендеттік, екіншіден  - бізге инфляциялық таргеттеу экспорттаушы ретінде оң әсер еткенін ашық айтамын. Біз шамамен 500 млрд теңге көлемінде табыс табамыз деп күтіп отырмыз.  Жал сайынғы ҚазМұнайГаздың табысы 400 млрд болатын, біз бұл дейгейді жылдар бойы сақтап келдік. Бүгінде мұнайдың баррелі 51 доллар, егер ол 50-ден төмен болса, онда сәйкесінше табыс көлеміде азайып, 400 млрд теңгеге дейінгі шамада болатын болады», - деді Д. Берлібаев.

Оның айтуынша,  трансформация  шығын көлемін қысқартуға бағытталмаған.

Айта өтейік, 2014 жылдың 6 қазанында Елбасы ресми түрде «Самрұқ-Қазына»АҚ компаниялар тобын тарнсформациялауға бастау берді.

Бүгінде «Самрұқ-Қазына»АҚ-ның барлық еншілес компанияларында Транформация бағдарламасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қор инвестициялау  әдісін өзгертпекші, бизнес процестерді  және Қор компаниялар қоржынының құрылымын оңтайландырмақшы. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар