Қазақстандағы уран қоры алдағы 100 жылға жетеді – сарапшы

8 Қазан, 2015 12:57
Қазақстандағы уран қоры алдағы 80-100 жылға жетеді. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ядролық-жанармай циклі жөніндегі атқарушы директоры Сергей Полторацкий сарапшылық клуб отырысында айтты.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ әлемдік нарыққа уран жеткізетін жалғыз компания болып есептеледі, Қазақстан әлемдік нарыққа уранның 35-40 пайызын сыйлайды. Осы өндіріс пен шығындарды есепке алсақ, уран қоры алдағы 80-100 жылға жетеді», - деді С.Полторацкий.

Сарапшының айтуынша, осы жылы көздер өздерінің жоспарлы өнім көлеміне шығады.

«Бізде өндіріс келісім шарт міндеттері бойынша бекітілген. Осы жылы көлем аздап көтеріледі. Егер өткен жылы 22 827 тонна болса, осы жылы 23 мың болғалы отыр», - деді ол.

Айта кетейік, «Эксперт» клубының «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациясы: жүзеге асырудың жолы мен проблемалары»  атты кезекті отырыс болды. Клубтың отырысына «Зазмұнайгаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «КЕГОК» АҚ, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен БАҚ қатысты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар