• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Тараздағы «Әулие ата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалында болды

Н.Назарбаев Тараздағы «Әулие ата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалында болды

8 Қазан, 2015 12:46
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әулие ата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысына жаңа терминал таныстырылып, әуежайды қайта жөндеу, арнаулы жаңа техникалар алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды.

«Әулие ата» әуежайы әуежай кешенін, аэровокзалды, аэродромды, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Сондай-ақ онда ұшуды радио құралдары көмегімен және жарықпен қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, түрлі техникалар және басқа да жабдықтар бар. 

 

Барлық жаңалықтар