- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша беріледі
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша беріледі
Бұл Заң жобасы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді.
«Аталған Заң жобасының аясында төмендегі мәселелер қарастырылады:2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.
Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін АМЖ өзгерістері келесі мемлекеттік жәрдемақыны да қарастырады.
Анар Тәңірқұлова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар