- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков Риганың бизнес-қауымдастығына Астананың инвестициялық мүмкіншіліктерін таныстырды
Ә.Жақсыбеков Риганың бизнес-қауымдастығына Астананың инвестициялық мүмкіншіліктерін таныстырды
«Біздің қарым-қатынастар мемлекет деңгейінде де, екі елорда деңгейінде де берік ынтымақтастыққа негізделген. Біз қалаларымыз арасындағы осы байланыстарды дамыту және экономикалық, мәдени байланыстарды одан ары нығайту мақсатында келдік» - деді Ә. Жақсыбеков литвиялық әріптестеріне қонақжайлылығы үшін алғыс білдіре отырып.
Астана тарихында Риганың алар орны ерекше. Ригалықтар Қазақстанның жаңа астанасын алғашқылардың бірі болып қолдады. 1998 жылы Астана қаласында Ә. Жақсыбеков пен Андрис Берзиньш сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар орнату бойынша ниет хаттамасына қол қойған болатын.
Бүгінде екі жақты қарым-қатынастардың дамуына сенімді келісім базасы, объективті экономикалық және әлеуметтік алғышарттар, сонымен қатар, қалалық билік арасындағы тығыз қарым-қатынас септігін тигізуде. Қазақстан Латвия үшін Шығыстағы маңызды серіктес болып есептелсе, Рига да Астана үшін Еуропадағы логистикалық түйін болып саналады.
Рига әкімшілігінде талқыланған бірінші мәселе де Астана мен Рига арасында тұрақты әуе қатынастарын ұйымдастыру болды. Н. Ушаковтың айтуынша, Рига Қазақстан мен Еуропа үшін маңызды транзиттік аймақ бола алар еді, әсіресе, скандинавия елдеріне. Астана әкімі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу уақытында қалалар арасында чартерлік рейстер ұйымдастыру мәселесі қаралуда екенін және тұрақты рейстерді ұйымдастыру сұрағы түбегейлі қарастырылып, Қазақстан астанасының әкімдігі тарапынан қолдауға ие болатынын айтты.
ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары мен оны өткізу мәселесі екі жақты кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Көрменің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы әркімге де өзекті екені және Латвияның осы сала бойынша өзінің жетістіктерін көрсетуге жақсы мүмкіндікке ие екені айтылды.
«Ресми үкіметтің ұстанымы қандай болатыны белгісіз, - деді Н. Ушаков, - бірақ, Рига латвиялық кәсіпкерлердің мүмкіндігін көрсету мақсатында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің стендін орнатуға дайын. Мен Астанаға жасаған соңғы сапарым аясында қаланың көрме өткізуге деген қарқынды дайындығын байқадым және бұл шара онжылдықтар тоғысындағы негізгі оқиғаға айналатыны белгілі болды».
Рига мэрі кәсіпкерлерді Астанада өтетін көрмеге дайындалуға, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды да дайындық шараларын қазірден бастауға шақырды.
Кездесуден кейін екі елорданың басшылары Латвия кәсіпкерлерімен кездесті. Ә. Жақсыбеков Риганың бизнес-қауымдастығына шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан астанасының беретін мүмкіндіктері туралы, Астанадағы индустриалды паркілердің әл-ауқаты жөнінде баяндап, олармен танысу үшін қазанның 28-30 күндері Тәуелсіздік Сарайында өтетін «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумға қатысуға шақырды.
Бүгін, қазанның 8 күні, Ә. Жақсыбеков Латвия Республикасының Премьер-Министрі Лаймдота Страуюмамен кездеседі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда -
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды -
Сенатта агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялық жобалар тарту мәселелері талқыланды -
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды -
Қазақстанда АХҚО негізінде инвестициялық резиденттік бағдарламасын іске қосу жоспарлануда -
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды