• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аршалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер 162 бас ірі қара мал алды

Аршалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер 162 бас ірі қара мал алды

8 Қазан, 2015 14:32
Ақмола облысының Аршалы ауданында «Сыбаға» мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламасы аясында 162 бас ірі қара мал сатып алынды – деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

2015 жылы Аршалы ауданында осы бағдарлама аясында 5 шаруашылық несие алды және 2 шаруашылық несие алу кезеңінде. Жобаның жалпы құны 32 млн. теңге, 53 млн. теңге несиеге жұмсалады.

«Сураев В.В.» ШҚ, «Арнур» ЖК, «Михайловское» ЖШС, «Нарнур» ЖК, «Ғасес» ШҚ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері 162 бас ірі қара малды ет өнімдері бағытына алды. Осы жылы «Дана» ШҚ және «Қожаханов» ЖК 259 бас ірі қара мал алуды жоспарлауда.

Шаруашылық қожалықтары басшыларының бірі Сураев Виктор оған осы бағдарлама туралы ақпарат берген, көмектескен ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары екендігін айтты. Тұрғындардың көбі несие алуға қорқады, бірақ негізі қиындықтан қорықпайтын адамдар үшін субсидия негізінде мемлекет тарапынан демеу көрсетіледі.

«Мемлекеттік көмексіз біз ірі қара мал басын арттыру қиын болар еді. Бұл үлкен еңбек. Мал шаруашылығымен бұрыннан айналысамыз, ал «Сыбаға» бағдарламасы ауылды жерлерде тұратын азаматтарға өте үлкен көмек» деп ойымен бөлісті Виктор Васильевич.

«Сыбаға» бағдарламасы бүгінгі күні ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын азаматтар үшін ең қолжетімді бағдарлама, сонымен қатар мал шаруашылығы саласында бұрындары жұмыс жасамаған, бірақ соған қарамастан осы бағытта бизнес ашқан адамдар үшін үлкен көмек.

Несиелендіру шарттары ашылатын бизнестің мақсаты мен мүмкіншіліктеріне байланысты құрастырылған. Төменгі пайыздық марапаттау ұтысы – 14%  (оның 7 % мемлекет қаржыландырады), қарыз алу процессінің жеңіл түрі, жеңілдік кезеңі.

Бұл бағдарлама бойынша несиені «Аграрлық кредиттік азық-түлік корпорациясы» АҚ береді. Бағдарламаның өзі асыл тұқымды мал мен олардың бірінші топтан төмен болмауын негізгі алады. Алынатын малдар жасы 1 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта болуы тиіс.

Негізгі үміт асыл тұқымды малдардың жоғары сапасының болуы.

Барлық жаңалықтар