• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының әкімі көмір бассейні қыртыстарынан метанды барлау бойынша жобаның жүзеге асуымен танысты

Қарағанды облысының әкімі көмір бассейні қыртыстарынан метанды барлау бойынша жобаның жүзеге асуымен танысты

8 Қазан, 2015 11:36
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Абай ауданына барған жұмыс сапары барысында көмір бассейні қыртыстарынан метанды барлау бойынша жобаның жүзеге асуы барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Абай ауданында Шерубайнұра учаскесінде «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен  «Қазтрансгаз» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарағанды көмір бассейні қыртыстарынан метанды барлау жобасын жүзеге асырып жатыр.

Бүгінде жоба бойынша топтық техникалық төлқұжат дайындалды, сонымен қатар ТЖД, СЭС және экология департаментінен оң қорытынды алынды. 7 ұңғыма бұрғыланды, оның 4-еуі - сынама-өнеркәсіптік».

Жобаны жүзеге асыру шахтерлердің еңбегінің қауіпсіздігін арттырады, жаңа отын-энергетикалық және химиялық салалардың дамуына алғышарт жасайды, аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсаруына, сонымен қатар Астана мен Қарағанды облысын газдандыру мақсатында өнеркәсіптік метан базасын құруға септеседі.

Жоба инновациялық екені аталып өтілді.

 

 

Барлық жаңалықтар