• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбедегі инвестфорумда 300 млрд теңгенің 20 келісіміне қол қою жоспарланып отыр

Ақтөбедегі инвестфорумда 300 млрд теңгенің 20 келісіміне қол қою жоспарланып отыр

8 Қазан, 2015 10:48
Ақтөбе қаласында ағымдағы жылғы 16 қазанда «Aktobe Invest-2015» Үшінші Халықаралық инвестициялық Форумы өткізіледі, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Форумның мақсаты - Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ, өңір экономикасының нақты секторына инвесторларды тарту. Экономикалық және инвестициялық қызметте тәжірибесі мол шетел және қазақстандық мамандар, әлемнің ірі компаниялардың – әлеуетті инвесторлардың және қаржылық институттарының өкілдері қатысады деп ойластырылуда.

Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары Ресей Федерациясы бірқатар облыстарының губернаторлары, қаржылық даму институттарының басшылары, ірі шетелдік инвесторлар шақырылды.

Форумның бағдарламасына «Қазіргі жағдайдағы қалалық агломерацияны құру» тақырыбында Пленарлық отырыс, «Жергілікті мазмұнды дамыту»,«ҚР инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыптарында Секциялық отырыстар, сондай-ақ Ақтөбе облысының инвестициялық жобаларының Көрмесі кіреді.

Іс-шараның аяғында жалпы сомасы 300 млрд. теңгелік жиырмаға тарта келісімге қол қою жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар