• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында «Ертіс Инвест – 2015» инвестфорум аясында 509,8 млрд теңгенің құжатына қол қойылды

Павлодар облысында «Ертіс Инвест – 2015» инвестфорум аясында 509,8 млрд теңгенің құжатына қол қойылды

8 Қазан, 2015 10:17
«Ертіс Инвест – 2015» Халықаралық Инвестициялық форумы аясында Павлодар облысында жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірқатар меморандумдарға, келісімдерге және келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысы әкімдігі мен «Қазақстан алюминийі» АҚ арасындағы алюминий қоспаларын өндіруге арналған құю бөлімшесі бар электролиз өндірісін және энергоблоктарды жаңарту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.

Бұл инвестициялық жобаларды іске асыру бастапқы алюминий өндірісі көлемін жылына 140 мың тоннаға ұлғайтуға, сондай-ақ Ақсу қаласындағы энергоблокты жаңартуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысы әкімдігі мен «TENIR-LOGISTIC» және қытайлық компания China Machinery Engineering Corporation ЖШС арасындағы Павлодар облысы аумағында химия-металлургия кешенін құру мақсатындағы инвестициялық жобаны іске асырудағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.

Бұл меморандум титан диоксиді мен арнайы болат өндірісі жөніндегі жобаны іске асыруды көздейді.

 «RELART SA» швейцариялық компаниясы және «Railcast Systems» ЖШС арасындағы «Рельс бекіткіштері құрамына кіретін W – сұлбалы серіппелі ұстатқыштарды (клеммалар) өндіруді жүзеге асыру» жөніндегі меморандум.

Меморандум Павлодар облысында теміржол машина жасау кластерін бұдан ары дамытуға бағытталған.

Францияның «LACTALIS» компаниясы мен «Киров» ЖШС арасындағы Павлодар облысы аумағында сүт кластерін дамыту бағытындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.

Бұл меморандум «Киров» ЖШС-дегі 1000 бас малға арналған сүт-тауар фермасын салуды және жаңғыртуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.

Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1874,8 млн. АҚШ долларына (509,8 млрд. тенге) теңелетін құжаттарға қол қойылды.

 

Барлық жаңалықтар