Астанада Қазақстан-Украина бизнес-форумы өтеді

8 Қазан, 2015 10:01
Астанада Қазақстан-Украина бизнес-форумы өтеді.Шараны ұйымдастырушылар ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитет пен «KAZNEX INVEST» АҚ.

Форум жұмысына Қазақстан мен Украина Президенттері, екі елдің іскерлік ортасы мен мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер өкілдері қатысады.

«Украиналық тарапты ірі компания өкілдері, авиақұрылыс саласы, тау-кен өндіру, машина жасау, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, астық өнеркәсібі саласындағы ұйымдар па етеді», - делінген хабарламада.

Форум барысында Қазақстан мен Укринаның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылады. Сондай-ақ, екі елдің шетелдік инвесторларын мемлекеттік қолдау шаралары алға тартылады.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелерін талқылайды.

 

Барлық жаңалықтар