• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда вагондардың құйма бөлшектерінің бүлінуін болдырмауды бақылау әдісі үздік деп танылды

Қазақстанда вагондардың құйма бөлшектерінің бүлінуін болдырмауды бақылау әдісі үздік деп танылды

8 Қазан, 2015 09:28
Қазақстандық теміржолшылар вагондардың құйма бөлшектерінің бүлінуін болдырмауды бақылау әдісін Достастық елдері аумағында қолдану қажеттігін мәлімдеп отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.

Достастыққа қатысушы елдердің темір жолдары Кеңесінің қарауына вагондардың құйма бөлшектерін жоспарлы жөндеу және жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету мақсатында оларды диагностикалық тексеру үшін феррозондтық әдісті қолдануды ұсынды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Әбдіғани Көрғұлы магнитті ұлпаларға қарағанда, феррозондық әдістің жылжымалы құрамның ауыр құйма бөлшектерінің  үстіңгі қабаты ғана емес, құйма бөлшектің ақаулығын және түрлі мөлшердегі сыну жайын 5 мм-ге дейінгі тереңдікте анықтай алады.

Жүк вагондарының көпшілік бөлігінің жолдан шығып кету жағдайлары құйма бөлшектерінің сынуы салдарынан болатыны белгілі. Осыған байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақауларды дер кезінде алдын ала анықтаудың маңызы зор.

Әбдіғани Көрғұлының айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында Қазақстанның вагон жөндеу кәсіпорындарының құйма бөлшектерді бұзбай тексерісі барысында 6690 вагон тіркемелерінің құйма бөлшектерінің ақаулығы, оның ішінде 4896 вагонның бүйір жақтаушалары, 1794 рессор арқауларының жарамсыздығы анықталды. Мұның 70 пайызы феррозондты әдіс арқылы белгілі болып отыр.

Қазақстандық теміржолшылардың осы әдісті өндіріске енгізу туралы ұсынысы Достастыққа қатысушы елдердің темір жолдары Кеңесінің Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясында қаралады.

 

 

Барлық жаңалықтар