• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Корея машина жасау саласында ынтымақтастық орнату туралы келісті

Қазақстан мен Корея машина жасау саласында ынтымақтастық орнату туралы келісті

7 Қазан, 2015 18:09
Астанада Қазақстанның машина жасау одағы мен Кореяның машина жасау қауымастығы машина жасау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Салтанатты қол қою рәсімі Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы Мейрам Пішембаев пен «KOAMI» Корей машина жасау қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Янг Так Паркпен кездесу барысында жүзеге асырды.

«Қазақстан мен Корея бір-бірін толықтырып тұрады, себебі біз Қазақстан сияқты мұнай мен газ өндірмейміз, біз  табиғи байлықтарды өндіретін қондырғыларды өндіреміз. Бүгінгі келісім бойынша машина жасау бойынша біздің мүмкіндігіміз көп болады», - деді Янг Так Парк.

Оның айтуынша, бірқатар компанияларды қазақстандықтар мен корейлер жұмыс істейді.

Өз кезегінде М.Пішембаев Кореяның машина жасау саласындағы жоғары мүмкіншілігін атап өтті.

Қазақстан корейлік автомобильдерді жинауды жүзеге асыруда.

 

 

Барлық жаңалықтар