ҚР Бас прокуроры жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады

7 Қазан, 2015 19:31
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта өтейік, арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне шағымданумен, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелермен байланысты болды.  

А.Дауылбаев арызданушылардың дәйектерін тыңдаған соң өтініш берушілердің айғақтарын жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықты анықтаған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар