• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК-те Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы мен комиссия арасындағы меморандум жобасы мақұлданды

ЕЭК-те Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы мен комиссия арасындағы меморандум жобасы мақұлданды

8 Қазан, 2015 09:43
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының отырысында көлік, сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, өндіріс және агроөндірістік кешен, экономика мен қаржы саясаты мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, келелі кеңес қатысушылары ЕЭК пен Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасын мақұлдады, деп хабарлады ЕЭК-тың баспасөз қызметі.

ЕЭК атынан құжатқа қол қою Энергетика мен инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі Таир Мансуровқа тапсырылды. Меморандумға отырудың мақсаты еуразиялық құрлықта теміржол көлігі мәселелері бойынша  ЕЭК пен ТЖЫҰ арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті қамтамасыз ету.  

«Комиссияның ТЖЫҰ-мен серіктестігі теміржол көлігі саласындағы интеграцияланған процестердің дамуына оң ықпал етеді және Комиссияға өз міндеті мен функцияларын тиімдірек іске асыруға көмектеседі», - деп атап өтті Т.Мансуров.

Бұл жоба бойынша шешім ЕЭК Кеңесі мен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің жақын арада өтетін отырысында қаралатын болады. 

Барлық жаңалықтар