• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Терентьев: ҚР банктеріне теңгелей депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш келіп түсті

А.Терентьев: ҚР банктеріне теңгелей депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш келіп түсті

7 Қазан, 2015 16:02
2015 жылдың бірінші қазанындағы жағдай бойынша депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш келіп түскен, деп хабарлады ҚР Ұлттық банктің департамент директоры Александар Терентьев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Өтемақы алу үшін мерзімді депозитті арнайы банк есепшотына аударғаннан кейін бір жыл бойы сақтау негізгі шарт болып табылады. Ұлттық банк жалпы сомасы 250 млрд теңге болатын 1 млн 700 мың депозит бойынша өтемақы төлеуді жоспарлап отыр», - деді А.Терентьев.

Оның айтуынша, 2015 жылдың бірінші қазанындағы жағдай бойынша депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш келіп түскен.

Айта өтейік, депозиттерді қайта рәсімдеу бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар