Қазақстанда «Ұлы дала елі» республикалық экспедициясы аяқталды

7 Қазан, 2015 16:18
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық мәдени – тарихи экспедициясы аяқталды, деп хабарлады ҚХА ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова  Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алған «Ұлы дала елі» экспедициясының мақсат-мұраты мен қол жеткізген табыстарына тоқталды.

«Бүгін  міне, «Ұлы дала елі» экспедициясы өз  жұмысын  тарихи Тараз жерінде  түйіндеп отыр. Экспедиция құрамында елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс жасады. Экспедицияның атқарған жұмысы туралы елеміздің жетекші арналарынан тұрақты хабарлар беріліп отырды. Ал, жалпы  біздің  бұл бастамамыз туралы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 412 материал жарық көріпті. Шын мәнінде бұл ауқымы үлкен абыройлы іс болды деп санаймын. Біз бір ай ішінде ел аумағын аралап, жылыжүзді кездесулер өткіздік. Тарихи-мәдени орындарды аралап, оған қоғам назарын аудардық. Әлі де болса зерделеуді қажет ететін көптеген нысандардың көзін аштық»,-деді Наталья Калашникова. 

Келесі кезекте сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әміржан Әлпейісов экспедиция аясында ұлы даланың рухани түлегенін,  халықтың осындай ұлан-асыр тойды аңсап күткенін тамылжыта әңгімеледі.

««Ұлы дала елі» экспедициясы үш бағытта жүріп өтті. Ең бастысы біз елмен етене байланыста жұмыс істедік. Бірлігі жарасқан халқымыздың Елбасы саясатын бірауыздан қолдап отырғанын көрдік. Тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныстар да түсті. Оны арнайы кітапқа жазып алдық. Оның барлығы  тиісті органдарға жолданып, өз жауабын табатын болады»,-деді тарихшы ғалым.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының мүшесі Георгий Канның  сөзі де көптің ойынан шықты.

 

Барлық жаңалықтар