- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2015» оқу-жаттығуының қорытындысын шығарды (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі «Қаратау-2015» оқу-жаттығуының қорытындысын шығарды (ФОТО)
Онда арнайы операцияларды дайындау және өткізу мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуды ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қадағалады. Бұл оқу-жаттығу арнайы операцияларды ұйымдастыру мен дайындауда бөлімшелердің мүмкіндіктерін бағалауға, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде арнайы бөлімшелердің күштер мен құралдарды қолдануда бірыңғай әдістемені әзірлеуге, таулы-шөлді жерде олардың дағдысын қолдануға мүмкіндік берді.
«Қаратау-2015» оқу-жаттығуы бірнеше кезеңге бөлінгендіктен, ең алдымен әскери қызметшілер арнайы мақсаттағы топтардың десанттау тәртібін, көрсетілген ауданға шығу тәртібін, объектіні барлау және жоюды пысықтады. Десанттау Д-6, «Беркут» типіндегі парашюттік жүйелерде және отырғызу тәсілімен жүзеге асырылды. Әуеден барынша төмен биіктікте ұшуды жүзеге асыра алған Су-27 ұшақтарымен қолдау көрсетілді. Әрі қарай таулы жерде арнайы бөлімшелердің барлау-іздестіру іс-қимылдарын жүргізуіне көңіл бөлінді.
Ол жерде әскери қызметшілер таулы керек-жарақты, экипировка мен арнайы киім-кешекті киіп, таулы кедергілерді еңсеру, жаралыларды көшіру және таулы жердегі іс-әрекет тактикасының негізгі қағидалары мен тәсілдерін пысықтады. Одан басқа, әскери қызметшілер тылдағы іс-қимылды, торуыл мен бақылау бекеттерін ұйымдастыруды, қарсыластың диверсиялық-барлау топтары мен радиоэлектрондық басуды қолдану жағдайларында жеке құрам мен әскери техниканы бүркемелеуді пысықтады.
Елді мекеннің шабуылы, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қару-жарақ және әскери техника көрмесі шешуші кезең болды. «Қаратау-2015» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы Қазақстанның Қарулы Күштерінле 2015 жылғы 1 қазанда басталғанын айта кетейік. Оқу-жаттығу басталысымен жеке құрам жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Оған қолбасшылардың басқармалары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Астана», «Шығыс», «Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері тартылды. Әскери қызметшілер ұдайы орналасу пункттерінен «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу орталығына марш жасады.
Оның барысында армиялық авиацияның Ми-8 тікұшақтарымен әскери лектерді әуеден тасалау мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығу барысында әскери жүктердің, азық-түліктің, оқ-дәрілер мен қару-жарақтың тікұшақтарынан десанттау әдістемесіне ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығуға барлығы 1 300 адам, 220 бірлік броньды танкті және автомобильдік техника, 9 бірлік авиациялық техника тартылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары