- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Мәжіліс Елбасының ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша алғашқы кезеңін табысты орындады
Қ.Жақыпов: Мәжіліс Елбасының ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша алғашқы кезеңін табысты орындады
Спикердің баса атап өткеніндей, Мәжіліс алты аптаның ішінде 55 заң жобасын қарап, мақұлдады. Палатаның 20 жылдық тарихында болмаған бұл теңдессіз еңбек депутаттар мен аппарат қызметкерелерінің жоғары жауапкершілігі мен жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесі.
Қ. Жақыпов жедел заң жобалары бойынша негізгі салмақ бас комитттер мен жұмыс топтарының үлесінде болғанын алға тарта келіп, маңызды құжаттарға қатысты 534 жұмыс топтарының, 22 бас комитеттердің кеңейтілген отырыстары, күн сайын 30-ға жуық басқосу өткенін, сенбі-жексенбі күндері де қарқынды жұмыс атқарылғанын атап өтті.
«Мәжіліс қабырғасында барлық заң жобасына мазмұнын сапалы түрде жақсарту мақсатындағы түзетулер енгізілді. Тек заңдық, құқықтық коллизияны жоюға қатысты түзетулер емес, мәселенің нақты шешімін көздеген нормалар мен түбегейлі өзгерістер көзделіп, депутаттар барлығы 11 мыңнан астам түзету енгізді»,-дед спикер. Осы жолда Мәжіліс Төрағасы барлық фракциялар депутаттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының сайлаушылардың, халықтың алдындағы міндеттеріне аса адалдықпен, жоғары жауапкершілікпен, зор түсіністікпен қарағанын сөз етті.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша жедел заң жобаларын қабылдау жолындағы жұмыс әсіресе, халық қалаулылары мен Үкімет мүшелернің бірлесе еңбек етуінің үлгісін көрсетті. -депутаттардың 1700-ден астам түзетулері Үкіметке жолданып, оның 60 пайызы, яғни мыңнан астамы қолдау тапты. Үкімет мүмкіндігінше қысқа уақытта өз қорытындыларын берді. Бұрын кейбір заң жобасы бойынша бір қорытындыны айға жуық күтуге тура келетінін ескерсек, мұның өзі Үкімет жұмысын жетілдіруге қажетті резервтің бар екенін көрсетеді,-деді Қ. Жақыпов.
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, аталған заң жобалары аясындағы жұмыстар барынша ашық жүргізілді. Құжаттардың қаралу барысы баспа беттерінде, интернет басылымдарда, әлеуметтік желілерде, телевиденияда кеңінен көрсетілді. Көптеген мақалалар мен депутаттар сұхбаттары жарық көрді.
«Біз Елбасының Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз етуге байланысты тапсырмасының алғашқы кезеңін орындадық. Алдағы уақытта да бес президенттік реформаларды табысты жүзеге асыру жолында бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз»,-деді. Қ. Жақыпов Президенттің Ұлт Жоспарына арналған заң жобаларын 2016-жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу туралы тапсырмасын орындау барысында бірлесе жедел, тиімді әрі сапалы жұмыс атқарғаны үшін Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет мүшелеріне, депутаттарға, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді