- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017: Жыл соңына дейін көрмеге қатысуын 18 ел растауы мүмкін
ЭКСПО-2017: Жыл соңына дейін көрмеге қатысуын 18 ел растауы мүмкін
«Бүгінгі күні ЭКСПО-2017 көрмесіне 48 мемлекет қатысатынын ресми түрде растады. Тағы 10 мемлекет көп ұзамай растамақшы. Жыл соңына дейін тағы 18 мемлекет қосылуы ықтимал. Көрмеге мемлекеттерді тарту бойынша біздің ұйымға ұсынылған кесте орындалып отыр. Көптеген маңызды мемлекеттер ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті. Жетекші және дамушы мемлекеттерді тарту бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген. Келесі жылдың маусым айына дейін көрмеге қатысатын елдердің санын 100-ге жеткізу көзделген», - деді В.Лоссерталес.
Оның сөзінше, ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету бойынша ақпараттық жұмысты қарқынды жүргізу қажет.
«Желтоқсан айында Қазақстан Президенті Парижде өтетін климат мәселелеріне арналған саммитке қатысады, бұл ЭКСПО көрмесін ілгерілетуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын», - деп толықтырды ол.
«ЭКСПО коммуникациялық насихаттау жұмыстарын жүргізуді жалғастыру қажет. ЭКСПО коммуникациялау – ұлттық және халықаралық деңгейде ақпараттық кампанияны біріктіру. Азаматтар ЭКСПО көрмесі тек Қазақстанды таныстыру ғана емес, әсем табиғатының қырларын көрсетіп, Қазақстан имиджін қалыптастыру, елдіә танымал етудің жолы екенін білу қажет», - деді ол.
«Мен біздің барлық мақсаттық көрсеткіштерге жететінімізге және ЭКСПО-ның орасан зор табыс болатынына сенімдімін. Бұл пікірімді мен Халықаралық көрмелер бюросының 168 мүше мемлекеттеріне жеткіземін», - деп сендірді Лоссерталес.
Сонымен қатар, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – көрме Комиссары Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО қатысушы елдерінің халықаралық тартылуы туралы ақпарат берді.
«Бүгінгі күні 48 ел және 10 халықаралық ұйым өздерінің қатысатынын ресми растады. Қатысушыларды тарту бойынша график уақытымен орындалуда. Дамушы елдерді – бір жағынан, дамыған елдерді – екінші жағынан үйлестіру теңгерімі сақталып отыр», - деп бөлісті Рәпіл Жошыбаев.
Қорытындысында көрме Комиссары 18-19 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық қатысушыларының екінші жиналысы өтетінін хабарлады. Кездесуде ұлттық павильондарды орналастырудың техникалық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып, секция комиссарларымен нақты шарттарға қол қойылатын болады. Сондай-ақ, Рәпіл Жошыбаев қазір Қазақстан Үкіметі мен «See Agreement» Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы қатысушылардың шетелдік пулына әртүрлі жеңілдіктер мен артықшылықтарды беруге мүмкіндік беретін келісім қол қоюға дайын екенін атап өтті. Келісімге жақын болашақта қол қойылатын болады.
Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Париждегі саммит климатына қатысады.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер