Астанада Қазақстан мен Финляндия арасында саяси консультациялар өтті

7 Қазан, 2015 15:19
Астана қаласында Қазақстан мен Финляндия сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.

Қазақстан тарапын ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Айгүл Құспан, фин тарапын ФР СІМ Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Терхи Хакала басқарды.

Консультациялар барысында екіжақты форматында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде қазақстандық-финдік әрекеттестіктің жоғары деңгейі белгіленді. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Фин тарапы Астанаға алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырылды.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар