- Басты
- Жаңалықтар
- В.Лоссерталес: Бүгінгі энергияның дәстүрлі көздеріне қатысты туындаған дағдарыс ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын өзекті ете түседі
В.Лоссерталес: Бүгінгі энергияның дәстүрлі көздеріне қатысты туындаған дағдарыс ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын өзекті ете түседі
«Менің соңғы сапарымнан кейінгі уақытта бері көрмеге дайындық бойынша көп жұмыс жасалғанын көріп отырмын. Бүгінгі күні экономикалық жағдайға байланысты күрделі кезеңге тап болып отырмыз. Десек те, ЭКСПО-2017 көрмесін тиісті деңгейде өткізу үшін қажетті іс-шаралар қабылданған. Мен барлық мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге және ЭКСПО үлкен табыс әкелетініне сенімдімін. Осыны мен халықаралық көрмелер бюросының барлық 168 мемлекет-мүшесіне жеткіземін», - деді В.Лоссерталес.
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы өз сөзінде «Астана ЭКСПО- 2017» ұлттық компаниясының жаңа басшылығы көрмеге дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі энергияның дәстүрлі көздеріне қатысты туындаған дағдарыс ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын өзекті ете түседі. Бұл бағытта бүкіл халықаралық қауымдастық жұмыс істеуі қажет», - деп толықтырды ол.
«Көрменің жұмысы баса көңіл бөлуді қажет етеді. Дегенмен, көрмеден кейінгі оның нысандарының Астана инфрақұрылымымен интеграциялануы одан сайын маңызды болмақ. Сондықтан да, менің ойымша «ЭКСПО - 2017» нысандарын көрмеден кейінгі кезеңде тиімді пайдаланғанда ғана оны табысты өтті деп айта аламыз. Осы тұрғыдан келсек, Қазақстан халықаралық шарадан кейінгі пайдалану мәселелерін жеткілікті қарастырған. ЭКСПО қалашығын көрмеден кейін де Астана қаласының бөлшегі ретінде қабыстыра дамыту осыны аңғартады. Осылайша, орнықты дамудың, энергияны тиімді пайдаланудың осындай үлгісі Қазақстанның басқа қалаларына ғана емес, әлем елдеріне де үлгі бола алады», - дейді Бас хатшы В. Лоссерталес.
Айта кетейік, бүгін В.Лоссерталес ҚР Премьер-Министрі мен ҚР Сыртқы істер министрімен кездесу өткізеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды