• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте ақпарат пен байланысты пайдалану жауапкершілігі туралы заң жобалары мақұлданды

Мәжілісте ақпарат пен байланысты пайдалану жауапкершілігі туралы заң жобалары мақұлданды

7 Қазан, 2015 11:49
ҚР Парламенті Мәжілісінде «Ақпараттандыру туралы» және онымен бірге жүретін «Ақпараттандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды.

Жаңа технологиялардың енгізілуін есепке ала отырып мемлекеттік орган басшылары азаматтарды онлайн-режимде қабылдай алады, сонымен қатар «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру тәртібі туралы» ҚР заңына «видеоконференцбайланыс», «видео-шағымдану» және «онлайн-қабылдау» сынды түсініктемелермен қосымша толықтырулар енгізу ұсынылуда.

Бұдан басқа, «Байланыс туралы» заңына аталмыш сала бойынша бірқатар түсініктемелермен толықтырулар енгізу ұсынылған.

«Яғни,  байланыс операторын қауіпсіздік сертификаты ережесін бұзғаны үшін, интернет бойынша қызмет көрсету және интернетке қолжетімділік тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген», - деп толықтырды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлнар Сейтмағанбетова.

Барлық жаңалықтар