- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР армия спортшылары еркін күрестен VI Дүниежүзілік армия ойындарында үздіктер үштігінде (ФОТО)
ҚР армия спортшылары еркін күрестен VI Дүниежүзілік армия ойындарында үздіктер үштігінде (ФОТО)
Оларға осы додада сайысқа түскен 37 елдің 234 спортшысы арасында алдыңғы қатарға шығуға және көшбасшылар үштігінде болуға қол жеткізді. Күміс медальді командаға 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ҚР спорт шебері, әлем чемпионаттарының жүлдегері Владимир Кудрин әкелді.
Екі қола медальді 74 келі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы кіші сержант Ғалымжан Үсербаев пен 65 келі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері ефрейтор Азат Сақаев иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Оңтүстік Кореяда армия спортының Бүкіләлемдік Кеңесі (CISM) шеңберінде VI Дүниежүзілік жазғы армия ойындары шеңберінде өтуде. Ол 4 жылда бір рет өткізіледі және ауқымы бойынша Олимпиялық ойындармен салыстырғанда әскери қызметшілер арасындағы ең үлкен спорттық турнир болып табылады. Осы жылы ойындарға әлемнің 130 елінен жиналған 8 500-ден аса спортшы қатысады.
Еліміздің намысын ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеевтің басшылық етуімен ҚР ҚМ АОСК-ның 58 спортшысы қорғайды. Спортшыларымыз спорттың 11 түрінен өнерлерін паш етеді. Атап айтқанда, еркін және грек-рим күресі, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, оқ ату, қазіргі заманғы бессайыс, әскери бессайыс, таэквондо, жеңіл атлетика және бокс.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда