- Басты
- Жаңалықтар
- В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысын оң бағалады
В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысын оң бағалады
«Осы күндері ЭКСПО көрмесіне дайындық барысын түрлі бағытта бағалауға мүмкіндік болды. Соңғы рет наурыз айында келген болатынмын. Сол уақыттан бері көп оқиға болды, бірақ Қазақстан үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесіне деген қызығушылығы кеміген жоқ. «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының жаңа төрағасымен біраз мәселелерді талқыладық. Ол ұлттық компанияны үлкен сын-қатерлерге дайындап қойған. Ең алдымен, әлемдегі ешбір мемлекет сырт қалмаған қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында белгілі бір құрбандыққа баруға тура келеді. Дегенмен, ЭКСПО көрмесінің бюджеті жеткілікті, енді оны тиімді басқару қажет», - деді баспасөз мәслихатында В.Лоссерталес.
Оның сөзінше, көрме нысандарының құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.
«Құрылысқа келетін болсақ, ол үзіліссіз жүргізілуде. Кеше мен құрылыс алаңында болып, бұл жобаның кестеге сай, тіпті мерзімінен бұрын орындалып жатқанына көз жеткіздім», - деп толықтырды ол.
Лоссерталес мырза құрылыстың барысы мен сәулетке жоғары баға беріп, бүгін көрме кешенінің құрылыс алаңына барайын деп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ХКБ бас хатшысының сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, ЭКСПО-2017 комиссары - Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен бірқатар ресми кездесулер жоспарланған.
Сондай-ақ, 22-23 қазан күндері В.Лоссерталес мырза ЭКСПО-2017 көрмесі Халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуына және 23 қазан күні басталатын «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумында болады.
Халықаралық қатысушылар басқосуының қорытындысы бойынша ХКБ бас хатшысы В.Лоссерталес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Т.Ермегияев, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жошыбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Анар Тәңірқұлова
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес»