- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017: 58 ел мен халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми түрде растады
ЭКСПО-2017: 58 ел мен халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми түрде растады
«Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар бойынша бірқатар кездесулер өткізілді, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларды шақыру мен көрменің қауіпсіздігі мен насихаттау жұмыстары талқыланды», - деді Р.Жошыбаев.
Вице-министрдің айтуынша, мамандандырылған көрмеге қатысу үшін 58 хат келіп түскен.
«Қазақстандық тараптан елдің сырты мен ішінде үлкен жұмыс атқарылуда. Бүгінгі таңда бі 58 хат алдық – 48 ел мен 10 халықаралық ұйым көрмеге қатысуға өз келісімдерін ресми түрде берді. Ұлттық секцияның 21 комиссары бекітілді, олар қажетті келісімге қол қоюмен айналысады», - деді ол.
Айта кетерлігі, қатысушы-елдер құрамында: Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Ресей, БАӘ және тағы басқалары бар. Халықаралық ұйымдар пулы ЮНЕскО, ОЭДҰ, МАГАТЭ, БҰҰМБ тиесілі.
Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында Астанада өтеді. Оған 100 ел мен 10 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі ақпараттар бойынша, төрт халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады, олар: Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымы (ЮНИДО).
Әзірбайжан, Армения, Вануату, Гондурас, Куба, Маршалл аралдары, Франция, Қырғызстан, Гренада, Либерия елдерінің және АТМЭӘК халықаралық ұйымының секцияларының 11 комиссары тағайындалып та қойды.
«Астана қаласында өтетін көрмеге қатысуға тағы 16 ел ниет білдірді. Олар: Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Испания, Қытай, Корея, Қырғызстан, Латвия, Литва, Мадагаскар, Моңғолия, Нидерланды, БАЭ, Швеция және Өзбекістан», – деп «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қосымша хабарлады.
Көрмеге барлығы кем дегенде 100 ел, 10 халықаралық ұйым және инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компаниялар қатысады деп күтілуде. Ұлттық компания айқындап кеткендей, көрмеге дайындық жүргізу үшін 2013 жылдан бері 242 млрд. теңге бөлінді, 2013-2014 жылдары оның 88,1 млрд. теңгесі игерілді.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы тартқан инвестициялардың жалпы сомасы 171 млрд. теңгеге жетті. Оның 37 млрд. теңгесін шетелдік инвесторлардың инвестициялары құрады.
Ұлттық компания EXPO халықаралық көрмесінің дайындығына $886 млн (164,3 млрд теңге) тартты деп LS ертеректе хабарлаған болатын. Инвестициялар ең бастысы тұрғын үй кешендері мен қонақ үй кешендерінің және ойын-сауық орталықтарының құрылысына бағытталған болатын.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы