• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана әкімі мен Литваның Премьер-Министрі сауда-экономикалық қатынастың өзара байланысын талқылады

Астана әкімі мен Литваның Премьер-Министрі сауда-экономикалық қатынастың өзара байланысын талқылады

7 Қазан, 2015 13:02
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Литва Республикасына жасаған ресми сапары аясында Литва Республикасының Премьер-Министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесті, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынас, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс салалары бойынша негізгі серіктестік бағыттары талқыланды. Аймақаралық деңгейде екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері көтерілді, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары туралы да айтылды.

Литва үкіметінің басшысы Астана мен Вильнюс арасындағы қарқынды дамып жатқан серіктестікке назар аударып, бұл қарым-қатынастардың одан ары нығая түсетініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Литва Республикасының Премьер-Министрі А. Буткявичюс Қазақстан астанасына ресми сапармен келіп, соның аясында Астана әкімі Ә. Жақсыбековпен кездесу өткізген.

 

Барлық жаңалықтар