• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мақұлданды

7 Қазан, 2015 11:08
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа редакциядағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын мақұлдады.Таныстырылым барысында Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова екінші оқылымда жемқорлыққа қарсы білім беруге назар аударылғанын айтты.

Заң жобасының басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Сонымен қатар, құжаттағы нормалар мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

«Екінші оқылымға әзірлеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған баптың мазмұны жақсартылды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жөніндегі қызметті ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша тиісті жұмысты, ақпараттық қызметті, сонымен бірге, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеуді көздейтін нормалармен толықтырылды», - деді Светлана Бычкова. 

Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі формальды және тәртіптік сипатта болғандықтан, әрі материалдық игіліктер алуды көздемейтіндіктен, заң жобасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. 

 

Барлық жаңалықтар