- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков Вильнюс бизнес қоғамы өкілдерін елорданың инвестициялық әлеуетімен танысуға шақырды (ФОТО)
Ә.Жақсыбеков Вильнюс бизнес қоғамы өкілдерін елорданың инвестициялық әлеуетімен танысуға шақырды (ФОТО)
«Астана мен Вильнюс өзара қарым-қатынас бұрыннан орнаған және біз екі қала арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз» – деді елорда әкімі.
Ә. Жақсыбеков Қазақстан астанасы үшін жүзеге асыру тәжірибесі жағынан тартымды болып көрінген Литваның кейбір бизнес жобаларымен танысып үлгерді. Әкімнің сөзінше, бүгінгі күні Астана қаласы үшін маңызды мәселелердің бірі - автотұрақты ұйымдастыру мәселесі.
Вильнюс қаласының мэрі Миландағы қазақстандық ЭКСПО павильонының танымалдығын ерекше атап өтіп, туризм саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталды.
Ә. Жақсыбеков алда өтетін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада жүргізіліп жатқан ірі құрылыс жобалары мен дайындықтар туралы баяндап, Вильнюс әкімшілігі 2017 жылы Астанада өтетін маңызды шараға ақпараттық қолдау жасайтынына сенім білдірді. Бұл тарапта Астана қаласындағы Вильнюс мәдениет күндері мен көрме өтетін уақытта ұйымдастырылатын арнайы чартерлік рейстер де өз септігін тигізе алады. Р. Шимашюстің тарапынан Астана-Вильнюс арасындағы тұрақты әуе бағытын ашу ұсынысы айтылды.
Литвалық әріптестер Қазақстан делегациясы таныстырған инвестициялық жобалар мен қазақ елі жас астанасының шетелдік инвесторларына беретін үлкен мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Ә.Жақсыбеков Вильнюс бизнес қоғамы өкілдерін елорданың инвестициялық әлеуетімен толыққанды танысу үшін 28-30 қазанда Тәуелсіздік сарайында өтетін «Astana Invest - 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, кездесуде қала құрылысының маңызды сұрақтары талқыланды. Ә. Жақсыбеков Қазақстан астанасы құрылысының негізгі кезеңдеріне тоқталып, Астананың мемлекет экономикасы үшін маңыздылығын айтты.
«Құрылымдық ынтымақтастық біздің азаматтарымыз үшін екі ел арасындағы мәдениет пен өнерді жақын тануға септігін тигізетініне сенімім мол. Икемді әрекет етсек бұл өз кезегінде екі астананың экономикасын дамытуға қозғаушы күш бола алады» - деді Ә.Жақсыбеков.
Қала басшылары Астана мен Вильнюс арасында 2000 жылы бекітілген сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар Келісімі негізінде ортақ жобаларды одан әрі дамытуға келісті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма