- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрақты конституциялық даму – Қазақстанның үлкен басымдығы – сарапшы
Тұрақты конституциялық даму – Қазақстанның үлкен басымдығы – сарапшы
Қазақстан 2015 жылы басты заң – ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өтуде. Қолданыстағы Ата заң 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды, бұл мемлекеттік мейрам.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:
- Конституция азаматтықтың символы болып есептеледі және Тәуелсіздіктің бірегей сыйы болып саналады. Мемлекетті сыйлау әрбір қазақстандықтың парызы болып есептеледі. Егер Конституцияның әрбір сөзін қастерлеп, бағаласақ үлкен жетістіктерге жетеміз.
ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов:
- Өзімнің қызметім бойынша конституциялық әділ сота істейтін әріптестеріммен жиі кездесемін. Олардың көп бөлігі әлемде бұл мерекені жыл сайын аса құрметпен тойлап, қуанып жататын ел көрмегендігін айтты. Оларды Елбасы мен мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясына деген қарым-қатынасы таң қалдырады.
ҚР Жоғарғы сотының судясы Амангелді Сәрсенбаев:
- Конституция негізгі мемлекеттік билік, басты заң. Барлық қабылданған заңдар ҚР Конституциясына сай келуі керек. Олар оған қарсы шықпау керек. Контитуция бәрін біріктіретін негізін салушы заң болып табылады. Конституцияда барлық негізгі органдар мен оларлың қызметі атап көрсетілген. Конституция – бірегей зат, оны оқыған сайын тереңірек түсінесін. Түрлі салалар арқылы оған қарайтын болсаң, соғұрлым көбірек көре аласың.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова:
- Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың мығым болуына күш салуы керек. Ал біздің өз мемлекетімізде Елбасының жетекшілігімен бірінші кезекте қолға алған мәселеміз жаңа мемлекеттің Конституциясының тұжырымдамасын талқылау болды
Нұрлан Ерімбетов саясаттанушы:
- Мен Конституцияның әрбір азаматтың негізгі кітабына айналғандығын қалаймын. Конституция – өмір сүру тәртібі. Конституцияны білген адам өзінің құқығын, мемлекет пен қоғам құндылықтарын аса жетік білетін болады.
Армения Конституциялық сотының төрағасы Гагик Артюнан:
- Біз Қазақстандағы конституциялық үрдістерді айтқанда тұрақты эволюциялық конституциялық дамуына назар аудармай тұрмаймыз, бұл елдің үлкен басымдығы. Қазір біз Армения конституциялық реформаларға көңіл бөлдік, сіздер оны тұрақты етуге бел байладыңыздар, ол жүзеге асты.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма