- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы инвестицияларды өзара қорғау келісімін ратификациялады
Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы инвестицияларды өзара қорғау келісімін ратификациялады
Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаевтың айтуынша, келісім елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге бағытталған.
Қазақстан мен Сербия өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес, барлық салық міндеттемелерін орындаған инвесторларға олардың инвестицияларына байланысты сомаларды және инвестицияларға қатысты аударылатын төлемдер аударылымын қамтамасыз етуге уағдаласып отыр.
«Сербия Қазақстан үшін перспективалық әрі маңызды әріптес болып табылады. Сонымен қатар Сербия Қазақстанның 2017-2018 жылдарына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына қолдау білдірген. Екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуеті өте зор», - деді Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев.
Р.Ошақбаев айтқандай, тұтастай алғанда 2005 жылдан бастап 2015 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта Сербияның Қазақстанға инвестициялары 6,3 млн долларды құраған. Ал осы кезеңде Қазақстанның Сербияға инвестициясы екі миллион долларды құрап отыр.
«Кеден органдарының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 7,8 млн. долларды құраса, былтырғы 2014 жылы бұл көрсеткіш 20 млн. долларға жеткен болатын», - деді вице-министр.
«Жоспарлауымызша, келісімнің ратификациялануы Қазақстан үшін сербиялық инвестицияларды алуға мүмкіндік ашады. Сондай-ақ, бұл келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы келісімді және конструктивті диалогті дипломатиялық қарым-қатынастың жиырма жылдығы аясында нығайтады», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары