- Басты
- Жаңалықтар
- Орал-Тасқала-Саратов автожолының құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда
Орал-Тасқала-Саратов автожолының құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда
«Қазіргі таңда мердігерлік ұйым екі учаскіде 100 шақырымға созылған асфальт-бетон жабындысын төсеуде. Дәлізді қайта жөндеу аясында «Тасқала» шекаралық өткізу пунктінде тағы 6 жолақтың құрылысы қарастырылуда, сондай-ақ, көліктік алаңдар мен үлкен жүк көліктерінің тұратын орындарының қамы қарастырылуда», - деп хабарлады ведомство.
«Тасқала» автомобиль өткізу жолында жолақтардың көбеюі шекарадағы өткізу көлемін ұлғайтады.
«Орал-Тасқала-Саратов автомобиль жолы екінші техникалық деңгей бойынша жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2018 жылға жоспарланған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Атырау облысында Атыраудан Оралға дейінгі және Ақтөбеден Атырауға дейінгі бөліктерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 50 шақырым жол пайдалануға беріледі. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) автожолдары бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бөліктерде облыста ең алғаш рет жол құрылысының замануи технологиясы - қиыршық тас пен мастикалық асфальтбетон және тозған қабатты эмульсия-минералдар қоспасынан құю технологиясы қолданылды.
Батыс Қазақстан облысында «Орал-Тасқала-Саратов» автомобиль жолдарында қайта қалпына келіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жол 2 жолақты қозғалыстағы ІІ техникалық сатыға жатқызылады. Ұзындығы 100 шақырым болатын аталған жоба қатарлас 2 бөлікте жүзеге асырылуда. «Тасқала» шекара пунктінде жолақтардың санын көбейту қарастырылуда, ол өз кезегінде шекарадағы рұқсат беру мүмкіндігін арттырып, жолаушылар мен көліктердің жиналып қалуының алдын алады.
Сондай-ақ облыста жыл соңында ұзындығы 15 шақырым болатын «Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы» және 4 шақырым болатын «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» автожолдары бөліктерінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделуде. Ұзындығы 64 шақырым болатын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолында және ұзындығы 28 шақырым болатын Оралдан РФ шекарасына дейінгі бөлікте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алғанда, батыс өңіріндегі қайта қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 2 500 жұмыскер тартылған. Автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру кезінде жергілікті өндіріс материалдары қолданылуда.
«ҚазАвтоЖол» басшысы өзінің іссапарын қорытындылай келе: «Батыс өңіріндегі автожолдардың күтімі мен жөндеу жұмыстары, қайта қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде. Басты тапсырма - халыққа қолайлы болуы үшін жөнделіп жатқан бөліктердің уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету»,-делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, дәліз Қазақстан мен Ресей шекаралас облыстарының сапалы автожол өтілімін қамтамасыз етеді.
Индира Кауметова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды