- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Досаев: ҚР Үкіметі және ЕҚҚДБ өңірлердегі ТКШ жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруды кеңейтеді
Е. Досаев: ҚР Үкіметі және ЕҚҚДБ өңірлердегі ТКШ жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруды кеңейтеді
«Жобаларды халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асыру бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және экономиканың тиісті салаларында қажетті құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтамасыз етеді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев конференцияның ашылуында.
Министр ағымдағы жылы ХҚҰ бірлескен 26 жобаның дайындығы және іске асырылуы басталғанын, перспективалық портфельге автомобиль жолдарын, жылумен және сумен жабдықтау объектілерін салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобалардың кіргенін атап айтты.
ҚР Үкіметі мен Еуразиялық қайта құру және даму банкінің ынтымақтастығы 2014 жылы әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылған кезден бастап өзінің белсенді фазасына қол жеткізді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ЕҚҚДБ ШОБ қолдау және ТКШ жаңғырту сияқты екі бағыт бойынша өзар іс қимылды жүзеге асырады.
2015-2017 жылдары ҚР Үкіметі ЕҚҚДБ бірлесіп жылумен/сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі 16 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде, Қызылорда, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы коммуналдық инфрақұрылымды қайта жетілдіру де бар.
Қазақстан бойынша ЕҚҚДБ директоры Джанет Хэкман өз кезегінде, «бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Қазақстанда халықтың тұрмысын жақсартатын жобалар бойынша оннан астам облыспен ынтымақтасатынын» атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда