- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық табысты дамуда
Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық табысты дамуда
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара Германия халқы үшін маңызы зор – Неміс бірлігі күні ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылы Германияның бірігуі туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстандық диаспора өкілдері Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастыққа арналған мерекені ұйымдастырды. Шақырылған қонақтардың назарына Қазақстан туралы «The amazing country Kazakhstan», «Welcome to Kazakhstan — heart of Eurasia», «Astana, Eхpo-2017», «Baiga», «Bolashak» бейне материалдар, Қазақстан туралы альбомдар мен кітаптар ұсынылды.
Қонақтар ұлттық колоритке барынша баға беріп, қазақтың ұлттық асынан дәм татты, сондай-ақ дәстүрлі қазақ дастарханы салтанатына қатысты.
Іс-шараны ашу салтанаты алдында Германияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ханс Кайльхольц мырза сөз сөйлеп, Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуына тоқталып, елдер арасындағы экономиканың түрлі салаларындағы табысты ынтымақтастық, елді дамытудағы «Болашақ»президенттік стипендиясының рөлі туралы сөз қозғады.Кайльхольц мырза ұлтаралық өзара қарым-қатынастың одан әрі дамитындығына сенім білдірді.
Кездесуге Хоппегартен бургомистрі Карстен Кноббе қатысып, іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді,сондай-ақ Германиядағы Қазақстан диаспорасының өкілдерімен одан әрі ынтымақтастықта болатындығына сенімі мол екендігін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция