Қазақстанда жекешелендіру аясында 210 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

7 Қазан, 2015 09:47
2015 жылдың 5 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 210 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 415 нысан жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 5 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 386 нысан  шығарылды, оның ішінде   210 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 95, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 47.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке  2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 361 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша   34 нысан  жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 нысан  жоспарланған. Ағымдағы жылдың 5 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 нысан  шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша   барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша  241 нысанның  сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 210 нысан  жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде  5 қазандағы жағдайы бойынша 197 нысан  шығарылды, соның ішінде  95 нысан  сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 109 нысан  белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 98 нысан  жекешелендіруге жатады.  Іс жүзінде 82 онысан  сатуға қойылды, 58  нысан  сатылды.

 

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 нысан  жекешелендіруге жатады, 5 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған                86 нысанның  86 –сы сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде                        47 нысан  сатылды.

 

Барлық жаңалықтар