• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Күз-2015» шақырылымының жас толықтыруын алғашқы жөнелту 19 қазанға жоспарланған

«Күз-2015» шақырылымының жас толықтыруын алғашқы жөнелту 19 қазанға жоспарланған

7 Қазан, 2015 09:13
«Күз-2015» шақырылымының жас толықтыруын алғашқы жөнелтудің күні анықталды. Алдын ала шақырылушылар 19 қазаннан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір Қарулы Күштері, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері үшін әскери командаларды алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады.

Бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ сарбаздардың алған мамандықтары, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. 1 қазанда елімізде күзгі шақыру кампаниясы басталғанын естеріңізге сала кетейік. Аудандық және облыстық комиссия шақырылушыларды медициналық куәландыруды, жеке істерді зерделеуді жүзеге асырады, ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізеді.

Осы күзде мерзімді әскери қызметке кейінге қалдырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда. Олардың 4000-ға жуығы Қарулы Күштердің бөлімдерінде қызмет ететін болады. Шақыру кампаниясы басталысымен арнайы «қауырт желі» жұмысын бастағанын айта кеткен жөн. Азаматтарға ҚР Қарулы Күштері мен Бас әскери-медициналық басқармасының мамандары кеңес береді. 

Барлық жаңалықтар