- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 60 мың тонна жүгері дәнін кептіретін жаңа кешен іске қосылды (ФОТО)
Алматы облысында 60 мың тонна жүгері дәнін кептіретін жаңа кешен іске қосылды (ФОТО)
Аймақтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Панфилов ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі А.Баталов жалпы аумағы 8,5 га. болатын жүгері өнімін жинап, сұрыптайтын, оны сақтап, кептіруге арналған орындармен танысты. Сапар барысындааудандағы қуатты қожалықтардың бірі саналатын Пенжім ауылдық округіндегі «Қожамбердиев» шаруа қожалығының егістік алқаптарындағы жүгері өнімін жинау науқанына да назар аударды.
«Қожамбердиев» қожалығының басшысы Әділжан Қожамбердиевтің айтуынша, ол өсімдік дақылдарын өсірумен 17 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Соның ішінде өзінің еңбек жолының көп жылдарын «дала аруы» саналып кеткен жүгеріні өсіруге арнаған екен.
2015 жылы аудан диқаншылары 25,4 мың гектардан астам алқапқа түрлі сұрыпты жүгері өсірді. Өңірде еліміздің бірнеше өңірлерін қамтамасыз ететін жүгерінің «дала аруының» элиталық сұрыпы да мол егілді. Облыс басшысы «Қожамбердиев» қожалығының комбайндары орақ салған алқапқа келіп, егін жинау науқанының барысымен танысты. Бұл қожалық биыл 500 гектардан астам жерге қатардағы жүгері сұрыптарын өсіріпті. Орақ түскен алқаптағы жүгерінің «Тұлпар» атты сортының гектарынан орта есеппен 10 тоннадан собықты жүгері жиналған.
блыс басшысы Кішішыған ауылының іргесінде егін орағы қызу қарқын алған «Ернар» жеке шаруа қожалығының механизаторларына да ат басын бұрды. Қожалық төрағасы Тасқын Жапарқұл биыл сатып алып, науқанға қосқан Ресейлік «Вектор» комбайнының ерекшелігін баяндады. Бұл техника алқаптан орған жүгері собығының бірден дәнін уатып жинайды. Пісіп-жетіліп, уатылып жиналған дән алқаптан бірден «крахмал - сірне» зауытына жөнелтіледі. Сөйтіп қожалық еңбеккерлерін қырманға тасып, сұрыптап, кептіру сияқты басы артық жұмыстан құтқарады. Дән «крахмал - сірне» зауытына 22 пайыз ылғалдылықпен өткізіліп, кептіру цехында құрғатылады.
Сапар соңында Жаркент «крахмал - сірне» зауытының биыл пайдалануға берілген жүгері дәнін кептіру цехының жұмысымен танысып, зауыт еңбеккерлері қанша жүгері дәнін өңдеп ұқсататынын кәсіпорын басшысы Закир Кузиевтен сұрап білді. Жалпы 9,5 миллион евро ақшасына салынған жаңа құрылғы зауыттың жүгері дәнін қабылдау ауқымын ұлғайтпақ. Өткен жылы бұл зауыт жаркенттік диқандардан 30 мың тонна «дала аруының» дәнін қабылдап ұқсатса, биыл бұл көрсеткіш екі есе өспек. Сөйтіп, бұл кәсіпорынның өнім өңдеу ауқымы кеңіп, оған қосымша жан-жақтан мал мен құсқа қуатты жем іздегендер қатары көбейіп, «дала аруының» дәніне сұраныс артып келеді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты