- Басты
- Жаңалықтар
- Сочидегі «Бүкіл Ресей» медиафорумында ЭКСПО-2017 көрмесі таныстырылды
Сочидегі «Бүкіл Ресей» медиафорумында ЭКСПО-2017 көрмесі таныстырылды
Федерацияның аймақтарында қызмет ететін мыңнан астам баспа және электронды БАҚ-тарының өкілдері осы жерде бастарын қосты, олардың арасында бас редакторлар, баспаналардың басшылары, жетекші публицистер, сондай-ақ Халықаралық журналистер федерациясының, еуропалық медиа құрылымдарының басшылары және БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдері де бар.
Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Е.Байжанов "Бүкіл Ресей" медиафорумында Қазақстан күнін бастау сөзінде "Еуразия экономикалық одағын құру үдерісінде бірлескен ақпараттық кеңістігі біртұтас экономикалық кеңістігі секілді өте қажет болып отырғанын айтып өтті. Оны қайтадан қалыптастыру қажет емес екеніне шүкір, - біз әр кезде барлықтарымызға ортақ еуразия аймағының ақпараттық бірлестігін сақтай білгенбіз".
Қазақ дипломаты "100-нақты қадам", "Нұрлы Жол" секілді мемлекетіміздің стратегиялық даму бағдарламаларының негізгі ережелері туралы және қазақстандық-ресейлік түрлі саладағы ынтымақтастығы жайлы РФ журналистеріне айтып берді.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінше орынбасары Р.Жошыбаев өз баяндамасын ең алдымен еліміздің астанасында ЭСКПО-2017 дүниежүзілік көрмесін және оған дайындық жұмысының барысына арнады. "Көрме Орталық Азия және ТМД аумағында тұңғыш рет өтпек, және расында, бұл оқиға осы өңірде баламалы және жаңғыртылған энергия көздерін әзірлеуге және пайдалануға қуатты серпін береді, әлемдегі ең үздік технологияларын көрсетуге мүмкіндік жасайды және энергетикалық тиімді бағдарламаларын ілгерілетуге жәрдем етеді" - деді "ЭКСПО-2017" комиссары.
Р.Жошыбаевтың айтуынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы XXI ғасырдағы тұрақты даму энергоэкологиялық жаһандық стратегиясы ұсынылды, ал 2012 жылы - "Жасыл көпір" деп аталған серіктестік бағдарламасы жарияланды. Министрдің бірінші орынбасары аталмыш бағдарлама БҰҰ-ның "барлық адамзат үшін тұрақты энергетикасы" бастамасын іске асырылуына еліміздің маңызды үлесі болып табылатынын мәлімдеді.
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды -
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО) -
Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды
-
Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер таныстырылды -
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды -
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды -
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды -
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды -
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті