Қазақстан Қытайдың теңіз порттарына шығуға мүмкіндік алады – депутат

6 Қазан, 2015 15:38
Сарапшылардың бағалауынша Қытай мен Еуропаның 8 пайыз тауар айналымы Қазақстан арқылы жүзеге асады, деп хабарлады ОКҚ-да Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серік Сейдуманов.

«Біздің елде шығудың екі нүктесі бар. Бұл ШҚО мен Алматы облысы,3 км-ге созылып жатқан «Батыс Қытай-Батыс Еуропа»  жолы «Достық» арқылы өтеді. Осы жолда бірқатар нысандар салынады. Аталмыш жоба Қазақстан, Ресей, Беларусь, Еуропа арқылы өтіп, ортаазиялық республикаларды қамтып өтеді. Ол Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран және Түркия. Бұл екі жол құрлық арқылы», - деді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, Қазақстан Қытайдың теңіз портына шығуға мүмкіндік алады.

«Сарапшылардың бағалауынша Қытай мен Еуропаның 8 пайыз тауар айналымы Қазақстан арқылы жүзеге асады. Ол 50 млрд долларды құрайды», - деді депутат.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар