• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компанияларға қазақстандық туды ілуге міндеттейді

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компанияларға қазақстандық туды ілуге міндеттейді

6 Қазан, 2015 14:03
ҚР Парламент Сенатының Қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

«Заң жобасына сәйкес, ҚР-да жұмыс істейтін  шетелдік компаниялар өз елдерінің туларымен бірге қазақстандық туды ілуге міндеттеледі», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, бұл орайда керсінше тәжірибе байқалды, шетелдік компаниялар қазақстандық туды ілетін болады.

«Шетелдік компаниялар өз туларымен бірге қазақстандық туды ілгенін қалаймыз. Бұл тәжірибе кері әрекетке ие болады», - деді ол.

Айта кетейік, өткен аптада мәжілісмендер «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» заң жобасы талқыланды.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар