- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс төрағасы Ресей және Тәжікстаннан келген әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Мәжіліс төрағасы Ресей және Тәжікстаннан келген әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Атап айтар болсақ, Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайын талқыланды.
Қабиболла Жақыпов форум талқысына ұсынылған ЕАЭО мәселелерінің Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамаларымен түйісуінің маңыздылығына тоқталып, оның аймақтағы барлық елдер үшін экономикалық зор тиімділігін атап өтті.
Сергей Нарышкиннің айтуынша, ЕАЭО Армения мен Қырғызстанның қосылуы, басқа да елдердің қызығушылығы аталған экономикалық бірлестіктің әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.
Мемлекеттік Дума төрағасы барлық деңгейде қазақстандық- ресейлік ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, екі елдің парламенттік өкілдерінің түрлі халықаралық алаңдардағы жұмысына көңілі толатындығын білдірді.
Тәжікстан Оли Мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуров Мәжіліс Спикерімен жүздесу барысында екі ел қарым-қатынасының стратегиялық сипатына назар аударды. Ш.Зухуровтың айтуынша, біздің еліміздің әсіресе, экономикалық саладағы табыстары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуде. Сонымен қатар, Тәжік парламентінің өкілі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болып отырған бастамаларының өзектілігіне тоқталды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар